Новости сайта

«Мирас» мектебіндегі өнер саласындағы маңызды шаралар

 
Zhibek Baimagambetova қатысушының суреті
«Мирас» мектебіндегі өнер саласындағы маңызды шаралар
Zhibek Baimagambetova - Friday, 25 April 2014, 4:27 PM келді
 

2014 жылдың көктемі Астана қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебіне көптеген жарқын оқиғалар алып келді. Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасы түлектерінің Тәуелсіздік Сарайында өткен Көркемөнер көрмесі маңызды оқиғалардың бірі болды.

Дипломдық Бағдарламаның студенттері екі жылдық Бейнелеу өнері курсын аяқтап, ХБ емтиханының талаптары бойынша өз жұмыстарын көрсетулері керек еді. Тамаша, сапалы жұмыстар (картиналар, суреттер, фотосуреттер мен мүсіндер) Дүниежүзілік Көркемөнер Қорының назары мен қолдауына лайық болды. Қор Президенті Әбілдина М. ханым түлектерге өз жұмыстарын Тәуелсіздік Сарайының галереясына орналастыруға мүмкіндік берді. 12 наурызда «Мирас» мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері және басқа да белгілі қонақтар қатысқан ашылу салтанаты өтті.

Адель Жанекен: «Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасында оқуға итермелеген басты себептердің бірі — бейнелеу өнері бойынша тереңірек білім алу мүмкіндігі. Мен MYP бағдарламасының тұлегі болғандықтан, бейнелеу өнері бойынша жақсы білімім мен дағдыларым болды. Дегенмен одан да жоғары-деңгейге қол жеткізгім келді, сондықтан Дипломдық Бағдарламаның өнер курсы менің айқын таңдауым болды. Курс барысында бейнелеу өнерінің бірнеше шеберлерімен таныстым. Олардың әрқайсысы менің жұмыстарыма өз тарапынан әсер етті. Менің көркемөнерді тануыма Джексон Полок пен оның «тамшылар мен шашырандылар» деп аталатын бірегей техникасы ерекше ықпал жасады. Оның жұмыстары менің Абстрактылы Экспрессионизм бойынша танымымды тереңдетіп қана қоймай, жалпы өнерге деген көзқарасымды өзгертті» — деп жазды.

Тины Бёрнойдың пікірі бойынша «Дипломдық Бағдарламаның өнер курсы студенттерді әр түрлі суретшілердің техникаларын зерттеп, дифференциалды тәсілдермен танысуды дамытуға ынталантырады. Менің дағдыларым жетіліп, өнерді зерттеудегі құлшынысыма жағдай жасады. Курс барысында мен әр түрлі материалдар мен әдістемелерді пайдаландым: шпательмен және қылқаламдармен май бояу, балшық,папье-маше, фотография, акварель бояулар және күйдіру әдістемесі».

«Мирас» мектебінде елеулі оқиғаға айналған келесі іс-шара — Хас Санат көрмесінің Көктемгі Көркем Салоны. «Мирас» мектебінің IBDP1 оқушысы, Арина Симонова Қазақстанның 47 қатысушысының ішінде өтініш беріп, өзінің жұмысын көрсетті. Ол көркем колледждер мен университеттердің студенттері мен түлектерімен жарысып, ең жас қатысушы атанды. Оның жұмысы жюри таңдауына ие болып, ашылуы 15 сәуір күні болған көрмеге қатысуға қабылданды. Аринаның жұмысы сондай-ақ көрме тізімдемесінде жарияланды. Аринаның кәсіби суретші болу мақсатын ескерсек, оның көркем саяхаттағы бұл алғашқы қадамы қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасы біздің студенттерімізге керемет мүмкіндіктер ашатынын мақтана айта аламыз. Бейнелеу өнері курсы студенттерге өздерінің ерекше идеялары мен қабілеттерін көрсету дағдыларын дарытады.

 Анна Ярошенко

Бейнелеу өнері мұғалімі